Автор: Ардан Жанегіз, Әділхан Абдрахман

Кіріспе

Роботты өз қолыңызбен жасаңыз

Идеяңызды кодпен іске қосып, нағыз роботқа айналдырыңыз.

Жалғастыру үшін тіркеліңіз

Бөлшектерден бастап дайын роботқа дейін: 5 қадамдық оқу жолы және GALYM Flash арқылы қосымша бағдарламасыз Arduino-ға браузерден тікелей жүктеу — тек тіркелген қатысушыларға ашық.

Жүктеу үшін Google Chrome немесе Microsoft Edge қажет.

Бастауға дайынсыз ба?

Барлық қадамдар және платаға тікелей жүктеу — GALYM Flash бетінде.

Жүктеу үшін Google Chrome немесе Microsoft Edge қажет.

Негізгі бөлшектер

Робот қандай бөлшектерден құралады?

Негізгі басқарушы

Arduino Uno

Роботтың миы - сенсорлардан деректерді оқып, қозғалысқа арналған командаларды драйверге (мысалы, L298N) жібереді.

Не істейді?

Инфрақызыл/басқа сенсорлардан сигнал қабылдайды.

Қалай қолданылады?

Arduino IDE-де код жазбай-ақ, біздің платформа арқылы дайын бағдарламаны таңдап, тікелей Arduino-ға жүктей аласыз.

Неге қажет?

Сенсордың көрсеткішін моторға дұрыс командаға айналдырады.

Arduino Uno платасы Arduino Uno
Сенсор

Инфрақызыл сенсор

Роботтың «көзі» — ақ және қара түстердің айырмашылығын анықтайды.

Не істейді?

Беттің түсін анықтап, Arduino-ға сигнал жібереді.

Қалай қолданылады?

Сызықты анықтау үшін роботтың төменгі алдыңғы бөлігіне орнатылады.

Неге қажет?

Сызықты бақылайтын роботтың негізгі сенсоры.

Инфрақызыл сенсор модулі Инфрақызыл сенсор
Сенсор

HC-SR04 ультрадыбыстық сенсоры

Алдыңғы кедергілерге дейінгі қашықтықты өлшейді.

Не істейді?

Ультрадыбыстық толқын жіберіп, қайту уақытынан қашықтықты есептейді.

Қалай қолданылады?

Роботтың алдыңғы жағына орнатылады және Arduino-ға қосылады.

Неге қажет?

Кедергілерді анықтап, соқтығысудың алдын алады.

HC-SR04 ультрадыбыстық сенсоры HC-SR04
Драйвер

L298N қозғалтқыш драйвері

Arduino мен моторлардың арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Не істейді?

Сигналдарды күшейтіп, моторлардың бағыты мен жылдамдығын басқарады.

Қалай қолданылады?

Қозғалтқыштар драйверге, драйвер Arduino мен қорекке қосылады.

Неге қажет?

Arduino моторларды тікелей басқара алмайды.

L298N қозғалтқыш драйвер модулі L298N драйвері
Қозғалтқыш

Тұрақты ток қозғалтқышы

Екі мотор және дөңгелектер роботтың қозғалуын қамтамасыз етеді.

Не істейді?

Электр энергиясын механикалық қозғалысқа айналдырады.

Қалай қолданылады?

Мотор драйверіне қосылады, Arduino арқылы басқарылады.

Неге қажет?

Қозғалтқышсыз робот қозғала алмайды.

Тұрақты ток қозғалтқышы және дөңгелек Тұрақты ток қозғалтқышы
Сым

Джампер сымдары (M-M, M-F, F-F)

Барлық бөлшектерді бір-бірімен электрлік тұрғыдан байланыстырады.

Не істейді?

Сигнал да, ток та бір сым арқылы өтеді. Сигнал — қуат емес, ол сымдағы кернеу деңгейінің өзгерісі. Сенсор күйін ауыстырғанда кернеу 5V немесе 0V болады. Қабылдағыш осы деңгейдің айырмасын көріп, оны мәлімет ретінде оқиды.

Қалай қолданылады?

Arduino, сенсорлар және драйвер арасындағы контактілерге тікелей жалғанады.

Неге қажет?

Сымсыз ешбір бөлшек бір-бірімен «сөйлесе» алмайды.

Джампер сымдары Джампер сымдары
Интерактивті демо

Роботтың қозғалысын көріңіз

Жүру, айналу және дрифт режимдерін қолданып көріңіз.

Робот жинағын сатып алғыңыз келе ме?

Жинақты қолыңызға алғаннан кейін оқу жолы мен платаға тікелей жүктеу сізге ашылады. Тапсырыс беру немесе сұрақ қою үшін бізге хабарласыңыз.

Хабарласу →