📍Сіз білесіз бе? 📌1947 жылы ғалымдар мен делегаттар Лондондағы атақты Жаратылыстану тарихи мұражайын (Natural History Museum) аралап жүреді. Мұражайдың минералогия бөлімінде әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген сирек кездесетін қымбат тастар, рудалар мен минералдар көрмеге қойылған еді. Бір кезде Қаныш Сәтбаев шиша жәшіктің ішінде тұрған, «Африкадан әкелінген мыс рудасы» деп таңбаланған жап-жасыл әдемі тасқа ұзақ қарап тұрып қалады. Сәлден соң ол мұражай гиді мен мұражай басшылығын шақырып алып: «Кешіріңіздер, мына тастың астындағы жазу қате. Бұл Африканың тасы емес. Бұл — менің туған жерім Қазақстаннан, оның ішінде Жезқазғаннан шыққан мыс рудасы», — дейді.Мұражай қызметкерлері таңғалып, сенімсіздік танытады. Өйткені мұражай каталогында ол тас нақты Африканікі деп тіркелген еді. Алайда Сәтбаев өз сөзіне өте сенімді болды. Ол геолог ретінде тастың құрамындағы қоспаларға, оның ерекше реңкі мен кристалдық құрылымына қарап-ақ Жезқазғанның қолтаңбасын жазбай таныған.Ғалым тастың құрамын, оның тек Жезқазған топырағына ғана тән химиялық ерекшеліктерін сол жерде ғылыми тұрғыдан дәлелдеп береді. Мұражай әкімшілігі архивтік құжаттарды шұғыл қайта тексеріп, нәтижесінде жазудың шынымен де қате екенін және тастың Жезқазғаннан әкелінгенін мойындайды. Олар қазақ ғалымының бұл феноменалды көрегендігі мен біліміне бас иіп, тастың астындағы тақтайшаны дереу ауыстырған екен.
Тұлға