• Ең алғашқы программист — әйел адам. Ол — 19-ғасырда өмір сүрген ағылшын математигі Ада Лавлейс. Ол Чарльз Бэббидждің механикалық есептеу машинасына арналған әлемдегі ең алғашқы алгоритмді жазған.
  • Жердегі барлық биткоиннің 20%-ға жуығы мәңгілікке жоғалған. Бұл шамамен 3-4 миллион биткоин. Олардың иелері криптоәмияндарының құпия сөздерін (пароль немесе seed-фраза) ұмытып қалған немесе ішінде биткоині бар қатты дискілерін қоқысқа тастаған.
  • Алғашқы компьютерлік тышқан ағаштан жасалған. 1964 жылы Дуглас Энгельбарт ойлап тапқан алғашқы компьютер тышқаны төртбұрышты ағаш қораптан тұрды және оның астында екі металл дөңгелек болған.
  • Компьютерлік вирустардың 70%-дан астамын ұйымдасқан қылмыстық топтар жазады. Олар мұны жай ғана қызық үшін емес, кибербопсалау, деректерді ұрлау және қаржылық пайда табу үшін кәсіби деңгейде айналысады.